Жаңалықтар
Жаңалықтар

R:ED компаниясы Қазақстандағы білім беру көрмесіне қатысты

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Ақмола облысының Көкшетау қаласында "Заманауи білім беру цифрлық технологиялары" атты білім беру көрмесі өтті. Іс-шараны Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Көрмеге мұғалімдер, мектеп директорлары, білім бөлімінің басшылары мен әдіскерлер, сондай-ақ мектеп оқушылары қатысты.

Оқу орындарына арналған өнімдерді және білім беру шешімдерін 6 компания ұсынды, соның ішінде R:ED Robotics Education.

"Арман" халықаралық холдингімен бірлескен "Болашақ инженерлер" жобасы бойынша білім беру бағытындағы ынтымақтастық үшін "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына алғыс айтамыз. Қордың қолдауымен өңірлердегі 189 мектеп осы жылдың барасында R:ED заманауи білім беру конструкторларының сынып-жинақталымдарымен жабдықталады.

Көрмеде Ақмола облысының мұғалімдері мен мектеп директорлары "Болашақ инженерлер" жобасы аясында жеткізілетін R:ED жиынтықтарымен танысуға мүмкіндік алды.