Жаңалықтар
Жаңалықтар

R:ED «Nobel Fest» халықаралық технологиялық фестивалінде

5-6 қазан күндері Астанада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, жаөандық сарапшылар, ғалымдар, саясаткерлер мен бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен дәстүрлі VI «Nobel Fest» халықаралық технологиялық, ғылыми және білім беру фестивалі өтеді. Биыл фестиваль спикерлерінің қатарында Нобель сыйлығының 15 иегері, әлемнің 100 ғалымы мен 50-ден астам көшбасшы кәсіпкерлер болады.

Фестивальдің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Паскаль Майердің өмірі туралы ғылымдар саласындағы әлемдік сыйлық иегері, экономика, баламалы энергия мен климат жөніндегі жаһандық сарапшы, Нобель сыйлығының лауреаты Рае Вон Чунг пен Nobel Fest бас директоры Мақсат Турбенов қатысты. Екі күн ішінде фестиваль қатысушылары жасанды интеллект пен климат өзгеруінен бастап, экономика мен бизнес саласына дейінгі тақырыптар бойынша ондаған дәрістер мен пікірталастарға қатыса алады.

6 қазан күні «Ғылым сахналары» аясында «ARMAN» (R:ED) халықаралық холдингінің негізін қалаушы және президенті Серікбай Бисекеев «Мектеп 4.0 индустриясы үшін мамандар дайындай ала ма?» тақырыбында баяндама жасайды. Сонымен қатар, фестиваль барысында Серікбай Бисекеев ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесіп, мектептердегі технологиялық білім беруге инновациялық көзқараспен қарау мәселесін талқылайды.

Қатысушылар фестивальдің көрме аймағында R:ED Robotics Education компаниясының жетістіктерімен таныса алады. R:ED мамандары балалардың заманауи технологиялық білім алуына қатысты кешенді әдістер мен «Технология» сабағына қажетті маңызды құрылғылар туралы айтып береді.