Жаңалықтар
Жаңалықтар

R:ED Digital Almaty форумына қатысты

2 және 3 ақпанда Қазақстанда жыл сайынғы бесінші Digital Almaty форумы өтті. Бұл Алматыдағы халықаралық сарапшылар, IT-қоғамдастық, бизнес, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтетін ең ірі Tech-іс-шара.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub ұйымдастырды.

Форум бағдарламасына көптеген қызықты орындар мен іс-шаралар кірді, олардың ішінде: көрмелер, жұмыс орындары жәрмеңкелері, панельдік сессиялар, технологиялық марафон, дәстүрлі жыл сайынғы Digital Almaty Awards сыйлығы, Digital Ministry Cup робототехника чемпионаты және тағы басқа іс-шаралар.

Технологиялық халықаралық форум аясында алғаш рет IT-стартаптар аллеясы ұйымдастырылды. 10 000 ш.м-лік бір алаңда Орталық Азияның Ақпараттық технологиялар саласындағы үздік стартаптары ұсынылды.

R:ED Robotics Education компаниясы Astana Hub қатысушысы ретінде аллеяға қатысып, өзінің жаңа әзірлемелері мен өнімдерін ұсынды.

Екі күн ішінде іс-шараға 30 елден 400-ден астам компания және 30 000-ға жуық адам қатысты.