Жаңалықтар
Жаңалықтар

Шымкенттік оқушылар WRO-да күміспен марапатталды

Қазақстаннан келген оқушылар WRO робототехника бойынша Дүниежүзілік олимпиадада жоғары негізгі санатта (Senior) 2 орын алды. 

Күміс жүлдегерлер болып Шымкент қаласының №26 Ж. Жабаев атындағы мемлекеттік мектеп пен №9 IT-лицейдің оқушылары Иманғали Мыңжасар мен Бибарыс Михаш атанды. Команда Робопарк атты жеке робототехника мектебінде жарысқа дайындалды. Қатысушылар мұндай жоғары нәтижеге бірінші рет қол жеткізіп отыр!

Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы 2004 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Халықаралық жарысқа 54 елден 1500-ден астам оқушы қатысады. Қатысушылардың жасы 10 жастан 21 жасқа дейін. Биыл World Robot Olympiad финалы 18-19 қараша аралығында Дортмундта (Германия) өтті.