Жаңалықтар
Жаңалықтар

Алматылық оқушылары робототехникадан Словенияда өткен жарыс жеңімпазы атанды

Осыдан бірнеше күн бұрын Птуй қаласында The Slovenian Open VEX IQ competition Full Volume турнирі өтті. Жарысқа 7 елдің - Словения, Германия, Чехия, Финляндия, Польша, Түркия мен Қазақстанның командалары қатысты. Біздің еліміздің намысын алматылық оқушылар, атап айтса Satbayev University жанындағы Халықаралық робототехника академиясының екі командасы қорғады.

1729R Republican Army командасының 10-12 жастағы қазақстандық мектеп оқушылары VEX IQ турнирінің басты жүлдесін жеңіп алып, «Жарыстың барлық аспектілері бойынша үздік» деп танылды және «Бағдарламалау дағдылары» номинациясында үшінші орын алды.

Құрамында Даниал Рамазанов, Мағжан Мыңжасар, Ұлан Ахметжанов болған алматылық 1729R командасы «Teamwork Champions» («Командалық жұмыс чемпиондары») номинациясында Кубок иегері атанды. Екінші орынды да қазақстандық команда иеленді - 1729W Watermelons (Аутай Рауан, Ахмет Сами Иигит, Олжас Қуат)», - деп атап өтті қазақстандық оқушылардың өкілі.

Одан бөлек, Watermelons командасынвң мүшелері сұхбаттары, инженерлік журнал мен жарыста өнер көрсетулері нәтижесінде «Innovate Award» инновациялар үшін берілетін жүлде иегері атанды.

Даниал Рамазановтың айтуынша, оқушылар жарысқа белсенді дайындалған. Оның сөзінше, команданың турнирге арнап құрған стратегиясы болған.

«Таңертеңнен кешке дейін академияда болып, роботымызды дамытып, сынақтан өткіздік. Байқау төрт номинация бойынша өтті: «Бағдарламалау дағдылары», «Teamwork», «Interview» және «Engineering notebook».

Біз барлық сайыста өзімізді жақсы қырымыздан көрсете алдық. Роботомыз алаңдағы текшелерді бір минуттың ішінде көлеміне қарай сұрыптап, барлық аймақтарға орналастырады. Жарыстан кейін, жеңістен кейін ойымызға жаңа идеялар келеді, әлі көп нәрсемен жұмыс істеуіміз керек», - деді ол әсерімен бөлісіп.

Оқушылардың робототехникадан келесі жарысы осы аптада Ыстамбұлда өтеді.

Школьники из Алматы выиграли соревнования по робототехнике в Словении

На днях в городе Птуй прошел турнир The Slovenian Open VEX IQ competition Full Volume. В соревнованиях приняли участие 7 стран - представители из Словении, Германии, Чехии, Финляндии, Польши, Турции, Казахстана. Нашу страну представляли ребята из Алматы, а именно две команды из Международной академии робототехники при Satbayev University.

Казахстанские школьники в возрасте 10-12 лет из 1729R Republican Army получили главную награду турнира VEX IQ - за "Общее превосходство во всех аспектах соревнования" и третье место в категории "Навыки программирования".

Алматинская команда (1729 R) в составе Даниала Рамазанова, Магжана Мынжасар, Улана Ахметжанова забрали кубок в номинации "Teamwork Champions" ("Чемпионы в командной работе"). Второе место также у нашей другой команды 1729W Watermelons (Аутай Рауан, Ахмет Сами Иигит, Олжас Куат)", - отметила представитель казахстанских школьников.

Кроме того, ребята из Watermelons получили награду за инновации ("Innovate Award") на основе их интервью, инженерного журнала и общего выступления в соревновании.

Как признается Даниал Рамазанов, ребята усердно готовились к соревнованиям. По его словам, у команды была четкая стратегия на турнир.

"С утра и до позднего вечера проводили в академии, тестили, дорабатывали робота. На конкурсе было четыре категории - это "Навыки программирования", "Teamwork", "Interview" и "Engineering notebook". Мы показали себя удачно во всех. Наш робот сортирует кубики на поле по размеру и погружает во все зоны за минуту. После соревнований домой вернемся вдохновленные новыми идеями, но нам есть над чем работать", - поделился он впечатлениями.

Следующие соревнования у ребят по робототехнике пройдут в Стамбуле уже на этой неделе.