Жаңалықтар
Жаңалықтар

R:ED «Технологиялар» сабағы бойынша жаңа оқулықпен бірге таныстырылды

16 тамызда Оқушылар сарайында, №59 мектеп-лицейінде Астананың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтары мен әкімшілік өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесуде «Арман инжиниринг» ЖШС өкілдігің басшысы Жандос Болат «Технологиялар» оқулығының жобасы бойынша таныстыруды өткізді, ол 3-пен 9 сыныптар аралығындағы оқушыларға арналған «Көркем еңбек» пәнінің бағдарламасы шеңберінде техникалық бөлімді күшейтуге көмек көрсетеді. Жаңа оқу модульдері балаларға базалық робототехника, мехатроника және электроника, аддитивті технологиялар, СББ станок, заттай интернет және коптер құрылысы сияқты құзыреттерді игеруге көмек көрсетеді. Іс-шараның көрме бөлігінде R:ED Robotics Education білім робототехникаға арналған заманауи жиынтықтары көрсетілді.