Жаңалықтар
Жаңалықтар

Жаңаөзен мен Алматы мектептері оқушылары робототехникадан Түркияда өткен жарыста чемпион атанды

Робототехникадан Қазақстан ұлттық құрамасы Türkiye FIRST Tech Challenge жабық жарысында жеңімпаз атанды. Сайысқа 30-дан астам түркиялық команда мен арнайы шақырылған екі қазақстандық ұжым - Rebels пен Queue қатысты. Командалар Жаңаөзен және Алматы қалаларының 9, 10 және 11-сынып оқушыларынан жасақталған.

Қазақстандық оқушылар роботтар бәсекесіндегі жеңістен бөлек, төрешілердің де жоғары бағасына ие болды.

Алматы қаласы Queue командасының 10-11 сынып оқушылары - Дамир Әлібаев, Ерасыл Мэлс, Манас Еркенұлы, Спандияр Тұяқбай, Әлихан Дәулеи, Ғизат Төреғалиев, Бақдәулет Асыь, Хабиб Атиг Ур Рахман мен Алдияр Ихсанов жергілікті қоғамдастықтарында STEM-ді қолданғандарв үшін Connect Award жүлдесіне ие болды.

Жаңаөзен қаласының Rebels командасының 9-11 сынып оқушыларв - Сұлтан Бимағамбет, Бексұлтан Оғланбек, Әділет Байғубен, Ізбасар Балғамбаров, Батыржан Орынбаев, Айбек Нұралы, Бек Ерлепес, Дания Ысқақов пен Мәди Жандосов роботтың дизайны мен функционалдылығы үшін Design Award жүлдесін иеленді.

«Қазақстан құрамасына Түркия тарапынан эксклюзивті шақырту келіп түсті. Оқушыларыңның елден жырақта жеңіске жетуі ұмытылмас ерекше сезім сыйлайды. Енді Астанада өтетін Орталық Азия кезеңіне дайындықты күшейтеміз», - деді Rebels командасының бапкері Жондер Сүлейменова.

Қазақстандық оқушылар Түркиядағы чемпионатқа жолдаманы өткен жылдың желтоқсан айында Оқу-ағарту министрлігі мен Алматы қаласв әкімдігінің қолдауымен USTEM Foundation Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Almaty Tech Cup республикалық турнирде жеңіп алған.

Школьники из Жанаозена и Алматы стали чемпионами по робототехнике в Турции

Сборная Казахстана по робототехнике одержала победу на закрытом чемпионате по робототехнике Türkiye FIRST Tech Challenge. В соревновании приняли участие более 30 турецких команд и две приглашенные казахстанские команды - Rebels и Queue. Это учащиеся 9,10 и 11 классов города Жанаозен и Алматы.

Помимо победы в игре роботов, казахстанские школьники получили высокие судейские награды.

Ученики 10-11 классов команды Queue города Алматы — Дамир Алибаев, Ерасыл Мэлс, Манас Еркенұлы, Спандияр Туякбай, Алихан Даулет, Гизат Турегалиев, Бакдаулет Асыл, Хабиб Атиг Ур Рахман и Алдияр Ихсанов получили награду Connect Award за вовлечение в STEM их местного сообщества.

Ученики 9-11 классов команды Rebels города Жанаозен — Султан Бимагамбет, Бексултан Огланбек, Адилет Байгубен, Избазар Балгамбаров, Батыржан Орынбаев, Айбек Нуралы, Бек Ерлепес, Данияр Искаков и Мади Жандосов получили награду Design Award за продуманный дизайн и функциональность робота.

"Сборная Казахстана получила эксклюзивное приглашение от турецкой стороны. Незабываемые ощущения, когда твои ученики побеждают далеко за пределами Родины. Теперь будем усиленно готовиться к Центрально-Азиатскому этапу, который пройдёт в Астане", — сказала тренер команды Rebels Жондер Сулейменова.

Путевку на чемпионат в Турцию казахстанские школьники получили на республиканском турнире Almaty Tech Cup в декабре прошлого года, который был организован Общественным Фондом USTEM Foundation при поддержке Министерства просвещения и акимата города Алматы.