Жаңалықтар

"Болашақ инженерлер" жобасы бойынша бірінші робототехника сыныбы ашылды

Өткен жылдың қыркүйек айында Астанадағы Digital Bridge форумында “Қазақстан халқына” қоры мен RED Robotics Education (“Арман” холдингі) “Болашақ инженерлер” жобасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бір жылдан аз уақытта, жоба бойынша жоспардан озып, Қазақстанның 30-дан астам мектебіне жөндеу жұмыстары аяқталып, R:ED робототехникалық жиынтықтары жеткізілді. 6 наурызда Қазақстан Республикасының Қоянды ауылының №2 мектебінде бірлескен жоба аясында алғашқы Робототехника кабинетінің ресми ашылуы өтті.

Салтанатты рәсімге “Қазақстан халқына” қорының Басқарма Төрағасы - Жәмішев Болат Бидахметұлы және қор қызметкерлері, Арман Инжиниринг ЖШС өкілдігінің басшысы - Болат Жандос Болатұлы, R:ED Robotics Education атқарушы директоры - Сушков Максим Игоревич, жергілікті атқарушы органдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Қонақтар оқытушылар мен студенттердің концерттік бағдарламасын тамашалап, соңында ізгі тілектерін білдірді. Мектеп директоры Р. М. Смағұлова ұжым атынан атқарылған жұмыстары үшін қонақтарға алғысын білдірді.

2023 жылы "Болашақ инженерлер" жобасы аясында Қазақстанның шалғайындағы ауылдар мен моноқалаларында 189 мектеп жөнделіп, жабдықталады.