Жаңалықтар
Жаңалықтар

ИБДҚ (ФРИО) мен Қостанай облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2023 жылғы 7 тамызда «Инженерлік білім беруді дамыту» Қоры мен Қостанай облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бірлескен жұмыс Қостанай облысының білім беру мекемелерінде робототехника және инженерия бойынша қолжетімді білім беру ортасын дамытуға бағытталатын болады.

Меморандум аясында «Болашақ инженерлер» қайырымдылық ұлттық жобасы бойынша робототехника кабинеттерімен жабдықталған мектептер ағымдағы 2023/2024 оқу жылының басталуымен робототехника және бағдарламалау үйірмелерін іске қосады. Іске қосуды кезең-кезеңімен жүргізу жоспарлануда. Бірінші ағын 20 робототехника кабинетін қамтиды және 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап іске қосылады. Ал 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап екінші лекте балаларға арналған білім беру робототехникасының тағы 38 кабинеті ашылады.