Жаңалықтар
Жаңалықтар

R:ED ірі Digital Bridge 2023 технологиялық форумында

Кеше Астанада Орталық Азиядағы ірі халықаралық технологиялық форум Digital Bridge 2023 басталды. Дәстүрге сай, іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Форум әлемдік компаниялардың көшбасшылары, ІТ-инновация саласының үздік халықаралық және отандық сарапшылары, венчурлық инвесторлардың диалог құрып, тәжірибе алмасатын алаңына айналды. Шараға әлемнің 15 елінен келген 20 000-нан астам қатысушы, ІТ саланың 300-ден аса компаниясы, 100-ден астам инвестор, 250 спикер мен 100 стартап қатысады.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар жәнеаэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдарт Мусин: «Digital Bridge 2023 технология мен адам ресурсы арасындағы тепе-теңдікті табуды талқылау үшін табылмас алаңға айналады. Бұл форум сала мамандары мен сарапшыларына жасанды интеллект адамзатқа қызмет ететін болашақты жасау үшін кездесіп, білімімен бөлісуге бірегей мүмкіндік береді».

Форумның екі күндік бағдарламасы әдеттегідей түрлі іс-шараларға толы болды, оның ішінде: Мемлекет басшысының қатысуымен өткен пленарлық отырыс, халықаралық спикерлердің қатысуымен 30-дан астам панельдік сессия, келісімшарттарға қол қою, Google for Startups ұйымдастырған іс-шаралар, «Стартап Аллея», «Digital Bridge Awards» халықаралық сыйлығы және көрме алаңы.

R:ED Robotics Education компаниясы бағдарламалау мен робототехникадан әлемдік жарыстар жеңімпаздарымен бірге «4.0 Индустрия» және «Робототехника» экспозицияларында болды.

13 қазан күні 2022 жылғы Digital Bridge форумында келісімге қол қойылған «Болашақ инженерлер» жобасының қорытындысы бойынша «Қазақстан Халқына» Қоры, Arman компаниясы (R:ED Robotics Education) мен Инженерлік білім беруді дамыту қорының бірлескен брифингі өтті.





Еске сала кетейік, жоба мақсаты – шалғай ауылдардағы, шағын және моноқалалардағы оқушылардың инженерлік құзыреттіліктерін дамыту үшін қолжетімді әрі сапалы білім беретін орта қалыптастыру және жағдай жасау.

Спикерлер жобаны сандармен сөйлетті: мектептерді, оқушыларды қамту, бюджет. Жоба болашағы туралы айтып, оның Президенттің қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыру туралы тапсырмасы орындап жатқаны жайында сөз қозғады.