Жаңалықтар
Жаңалықтар

R:ED Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен меморандумға қол қойды

23 мамырда R:ED Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен меморандумға қол қойды. ҰБА – білім беру жүйесі мен оқу үдерісін әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ғылыми орталық. Меморандумға қол қоюға Академия президенті – Тыныбаева Мадина Ағланқызы және вице-президенті – Пұсырманов Нұрбек Серікұлы қатысты.

Меморандум аясында серіктестер келесі жобада моноқалаларды «Технология» сабағын өткізуге арналған кабинеттермен жабдықтауға қолдау көрсетеді. Біз өз тарапымыздан тұжырымдамамыз бен әдістемемізді қарау үшін ҰБА-ға береміз. Оқу-әдістемелік материалымызды ҰБА апробациясынан өткізгеннен кейін жобаны «Қазақстан халқы» Қорына ұсынатын боламыз.