R:ED - ҚР БЖҒМ РҚББОӘО біліктілікті арттыру курстарындағы спикер
2022 жылғы 16-27 мамыр аралығында Нұр-сұлтан қаласында ҚР БЖҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының №89 мектеп-лицейі қабырғасынсында біліктілікті арттыру курстары өтеді. Курстарда қосымша білім беру оқытушылары «Бағдарламалау және Робототехника негіздері» тақырыбы бойынша лекцияларға тоқталып, білімдерін жаңартады және кәсіби шеберлігін жетілдіреді. R:ED өкілі - компанияның білім беру жобаларын дамыту бөлімінің басшысы Алиса Григорьевна Большакова курстарға қатысушылар үшін бірқатар практикалық және теориялық сабақтар өткізеді. 16-19 мамыр аралығында барлығы 4 лекция жоспарланған:
- «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту үшін білім беру робототехникасын қолдану». - «Білім беру робототехникасы. Бағдарламалау құралдары». - «Робототехниканы бағдарламалау. Робототехниканы жобалау және құрастыру». - «Робототехниканы бағдарламалау. Робототехниканы жобалау және құрастыру».