Жаңалықтар
Жаңалықтар

R:ED роботы республикалық «Зерде» байқауында күміс жүлдеге ие болды

Өскеменде республикалық «Зерде» байқауының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының облыстық кезеңі өтті. Байқауға 2-7 сынып оқушылары қатысты. «Зерде» мақсаты - балалардың зерттеу қабілеттерін шыңдау мен төмен және орта сынып оқушыларының интеллектуалды-шығармашылық әлеуетін арттыру.
Артем Кандауров R:ED X конструкторынан байқауға арналған жоба жасап шыққан. Ол арнайы жағажай тазалаушы роботты жинаған. Жас инженер ұстазы Надырова Ирина Вильевнаның қол астында «Алтай қаласы мектеп-лицейі» КММ робототехниканы зерттеп, меңгеріп жүр.