Бұл мақалада сіз ультрадыбыстық бергішпен жұмыс істеу бойынша барлық сұрақтарға жауап таба аласыз.
СИПАТТАМА
Ультрадыбыстық қашықтық бергіші объектіге дейінгі қашықтықты анықтау үшін қолданылады.
Техникалық сипаттама:

- Қуат кернеуі: +5В
- Минималды ток: < 2 мА;
- Номиналды ток: 15 мА;
- Өлшеу қашықтығы: 2 см – 400 см;
- Өлшеу бұрышы: 30 градус;
- Триггер импульсінің ұзақтығы: 10 микросекунд

Жұмыс қағидаты


Ультрадыбыстық қашықтық бергіші - HC-SR04 модулі объектіге дейінгі қашықтықты анықтау үшін акустикалық сәулеленуді қолданады. Бұл жанаспайтын сенсор өлшеудің жоғары дәлдігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өлшеу диапазоны: 2 см-ден 400 см-ге дейін, күн сәулесі мен электромагниттік шу бергіштің көрсеткіштеріне әсер етпейді. Модуль трансмиттер мен қабылдағышпен бірге сатылады.



R:ED One контроллеріне ультрадыбыстық бергішті қосу схемасы.

Прогрмма мысалы:
R:ED Code
Техникалық қолдау