Бұл мақалада сіз ARMAN CODE бағдарламасын орнату бойынша барлық сұрақтарға жауап таба аласыз.
СИПАТТАМА
ARMAN CODE – балалаларға арналған көрнекі оқиғаға бағытталған бағдарламалау ортасы. Платформаның бағдарламалық қамтылымы Scratch тілінің негізінде құрылған және тінтуірді сүйреп апару арқылы блок-схемаларды құруға және бағдарламаларды жазуға болатын белгішелер түрінде бейнеленген функциялардың кітапханасын қамтиды.
Жүйелік талаптар: бағдарламалық жасақтама Microsoft Windows XP, VISTA, 7, 8 және 10 жүйелерінде жұмыс істей алады. Компьютерге қойылатын минималды талаптар: USB қосылымы, 3 ГБ жедел жады, қатты дискідегі 300 МБ бос орын, Интернет байланысы.

ARMAN CODE орнату бойынша нұсқаулық
1
Орнату файлын жүктеңіз
"Жүктеу" түймесін басып, Windows ОЖ-нің бит тереңдігіне байланысты файлды таңдаңыз (x86/x64).
Жүктеу
2
Орнату файлын іске қосыңыз
ARMAN CODE белгісін тінтуірдің сол батырмасымен қос басыңыз.
3
Пайдаланушыны таңдаңыз
Бұл кезеңде ARMAN CODE қол жетімді пайдаланушыны таңдап, "Келесі>"түймесін басыңыз.
4
Файлдарды ашу үшін қалтаны таңдаңыз
Орнату файлы барлық файлдарды тарқататын жолды таңдап, "Келесі>" түймесін басыңыз.
5
Жұмысты бастау
"Аяқтау" түймесін басыңыз, ARMAN CODE автоматты түрде іске қосылады және ол жұмыс істеуге дайын.
6
Драйвер орнатыңыз
Драйверді орнату түймесін басыңыз
7
Драйверді таңдаңыз
"Extra-files" файл жолын таңдап, қажетті драйверді таңдаңыз
Техникалық қолдау