Бұл мақалада сіз RED Code бағдарламасын орнату бойынша барлық сұрақтарға жауап таба аласыз.
СИПАТТАМА
R:ED Code – балалаларға арналған көрнекі оқиғаға бағытталған бағдарламалау ортасы. Платформаның бағдарламалық қамтылымы Scratch тілінің негізінде құрылған және тінтуірді сүйреп апару арқылы блок-схемаларды құруға және бағдарламаларды жазуға болатын белгішелер түрінде бейнеленген функциялардың кітапханасын қамтиды.
Жүйелік талаптар: бағдарламалық жасақтама Microsoft Windows XP, VISTA, 7, 8 және 10 жүйелерінде жұмыс істей алады. Компьютерге қойылатын минималды талаптар: USB қосылымы, 3 ГБ жедел жады, қатты дискідегі 300 МБ бос орын, Интернет байланысы.

Назар аударыңыз! R:ED X жиынтығына арналған R:ED Code бағдарламалық жасақтамасының жаңа нұсқасы R:ED Pro жиынтығына арналған R:ED Code нұсқасында жасалған скетчтерді қолдамайды.

R:ED Code орнату бойынша нұсқаулық
1
Орнату файлын жүктеңіз
"Жүктеу" түймесін басып, Windows ОЖ-нің бит тереңдігіне байланысты файлды таңдаңыз (x86/x64).
Жүктеу
2
Орнату файлын іске қосыңыз
R:ED Code белгісін тінтуірдің сол батырмасымен қос басыңыз.
3
Пайдаланушыны таңдаңыз
Бұл кезеңде R:ED Code қол жетімді пайдаланушыны таңдап, "Келесі>"түймесін басыңыз.
4
Файлдарды ашу үшін қалтаны таңдаңыз
Орнату файлы барлық файлдарды тарқататын жолды таңдап, "Келесі>" түймесін басыңыз.
5
Жұмысты бастау
"Аяқтау" түймесін басыңыз, R:ED Code автоматты түрде іске қосылады және ол жұмыс істеуге дайын.
6
Драйвер орнатыңыз
Драйверді орнату түймесін басыңыз
7
Драйверді таңдаңыз
"Extra-files" файл жолын таңдап, қажетті драйверді таңдаңыз
Бұл жоба ашық келісім негізінде пайдалануға қолжетімді "scratch-gui" ашық жобасының терең жаңғыртуы болып табылады https://scratch.mit.edu/terms_of_use, толығымен "RED-CODE-2.0" жобасы аясында орындалады
Техникалық қолдау
Қандай да бір мәселе туындаса, red.helpkz@r-ed.world поштасына жазыңыз немесе төмендегі форманы толтырыңыз.